Т.ҚАТАУОВ, қоғам белсендісі: жасанды түсiк жасатуды заңдастыру– ұрпақ болашағына балта шабу

Жасанды түсік жасату – ұлттық қауіпсіздігімізге қасірет болса, медициналық тұрғыда зиян, діни тұрғыда ауыр күнә және қазақи сана- болмысымызға қайшы. Аборт жасауды қолдау – ұлттық өсімімізді тежейді. Жасанды түсік жасату – күнәнің ең ауыры. Ислам дінінде себепсізден себепсіз дүниенің есігін ашқалы тұрған сәбидің өміріне түрлі амалдар арқылы балта шабу – аса ауыр күнә саналады. «Бір қозы туса, бір түп жусан артық өседі» деген нақылды ұстанған қазақ әр сәбидің өз несібесімен дүниеге келетінін айтады. Сондықтан, әлеуметтік-қоғамдық жағдайға байланысты 16 жасқа толған қыз балаларға ата-анасының келісімінсіз жасанды түсік жасатуды заңдастыру – ұлтымыз жою және ұрпақ болашағына балта шабу деп бағалаймыз! Бүгінгі бойжеткен қыз – ертеңгі ана. Болашақ аналарымызға аборт жасатып, болашақтарын бүлдіріп, тағдырларын таптатуға, өмірлерін қорлатуға жол бермейміз!

qazaquni.k

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.