ЖАЛҒЫЗ ТҰРҒЫНЫ БАР ҚЫСТАҚ

Монови – АҚШ-тың Небраска штатындағы шағын ғана қыстақ. Бұл қыстақтың жалғыз ғана тұрғыны бар, ол – 77 жастағы Элси Эйлер.

Жалпы, бұл жерде 1930 жылдары 130-дай адам тұрған. Кейінірек бәрі жұмыс іздеп қалаға кетіп, мұнда тек Элси күйеуімен тұрақтап қалған. Ал 2004 жылы отағасы көз жұмған соң, Элси үйренген жерін тастамай, осында қалып қойған. Қазір күйеуінен қалған жергілікті дәмхананың да, кітапхананың да иесі осы Элси. Бұдан бөлек, осы жердің әкімі де өзі. Сондықтан, ол ұзақты күн бір тыным таппай, өзінің жалғыздығын еске де алмайды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.