Ж.КӨКБӨРІ,АҚЫН: ҚОСЫ ЖАҒЫ МҮЛДЕМ ТҮСІНІКСІЗ..

Біздегі телеарналарды көрген шетелдіктер: «Бұл мемлекеттегі ең қадірлі мамандық иелері – артистер шығар?…» деп ойлайтыны рас. Біздегі экранды бермейтін айрықша құрмет иелері осылар екені өтірік пе? Сонда бұл елде басқа мамандық иелері, толып жатқан «нағыз еңбек адамдары» бұл телеарналарға, олардың басшыларына неге керексіз?

Осы жағы мүлдем түсініксіз…

Қазақстандағы барлық телеарналар мен олардың басшылары әртістен басқаларды адам деп санамайтын болғанына соңғы 30 жыл куә. Ал, қазақты қорлап, мазақ ететіндерге бүгінгі жоғарыдағылардың құрметі тіпті ерекше сияқты.

Менің бір түсінбейтінім – халықты әбден жалықтырған фонограммамен өтірік ән салатындар, түкіріктерін шашыратып, аузы-бастарын қисаңдатқан ана «Түнгі студия» жүргізушілері сияқтылар – экранда да, қазақтың таусылып бітпейтін тойларында да тек солар ғана алшаң басып жүр.

Abai.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.