Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ЖАСАНДЫ ҰРЫҚТАНДЫРУ АРҚЫЛЫ ЖҮКТІ БОЛҒАН АНАЛАРҒА ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

QAZAQJOLY.KZ: Шымкентте жасанды ұрықтандыру арқылы жүкті болған аналарға арнайы орталық ашылды. Заманауи құралдармен жарақтандырылған бөлімшеде дәрігерлер келіншектерді жүктіліктің 34 аптасынан бастап, түрлі патологиялар бойынша бақылауда ұстайтын болады.

Сондай-ақ  №2 қалалық ауруханасынан ашылған бөлімшеде мерзімінен асқан жүктілік пен артериалдық гипертензияның орта дәрежесін, қан аздықтың ауыр дәрежесі мен қант диабетіне шалдыққан әйелдерге де емдік шаралары жасалады. «Ауруханаға қарасты перзентханада зертханалық қызмет тәулік бойы жұмыс істейді. Қабылдау бөлімінде шұғыл шақырылым жүйесі орнатылған. Бұл бойынша науқасқа қажет болған мамандар жедел шара қабылдауға мүмкіндік бар. Ал, өткен жылы бұл перзентханада 3 500-ден астам ана нәрестелі болды»,-дейді №2 қалалық ауруханасының бас дәрігері Сәрсен Пернебеков.

АҚПАРАТ көзі:inform.kz

 

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢА КОРОНАВИРУС (COVID-19) ДЕГЕН НЕ? ҚАНШАЛЫҚТЫ ОЛ ҚАУІПТІ?

admin

ТҮРКІСТАНДА 10 МЫҢ ТҮП ПАВЛОНИЯ АҒАШЫ ОТЫРҒЫЗЫЛУДА

admin

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ТҮРКІСТАНМЕН ҚАТАР ДАМИДЫ

admin