ТҮРКІСТАНДЫ ТҮРЛЕНДІРУ ЕЛ ҮКІМЕТІ НАЗАРЫНДА

Жуырда ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Түркістанға арнайы іссапармен келді. Жұмысты ең алдымен облыс орталығындағы қызу құрылыс жұмыстарын қараудан бастаған ол одан соң облыс әкімдігінің мәжіліс залында  облыс орталығын дамыту бойынша келелі жиынға қатысты. Алқалы жиынға Бірінші Вице-премьер А.Маминмен бірге облыс әкімі Ж.Түймебаев және өзге де облыс басшыларының орынбасарлары, ұлттық компания өкілдері мен инвесторлар  қатысты.

Жиында облыс басшысы Ж.Түймебаев Мемлекет басшысының Түркістан қаласын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау  бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын ортаға салды. Өз сөзінде облыс әкімі Ж.Түймебаев: «Қазіргі таңда Әкімшілік-іскерлік орталықта 672 гектар жерден 513 гектар жер мемлекеттік меншікке алынды. Олардың ішінде 48,4 гектар аумақта орналасқан бірінші кезекте салынуы тиіс 13 нысанды іске асыру үшін жер телімдері толығымен босатылды және 7 нысанның құрылысы басталды. Ал, 88 бес қабатты тұрғын үйлердің құрылысы бойынша (2724 пәтер, 200 мың шаршы метр) дайындық жұмыстары аяқталды. Тұрғын үй құрылысы «Түркістан ӘКК» қатысуымен жеке салушылар есебінен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Астана қаласының тапсырысы бойынша «Астана» алаңы салынатын  болады. Оның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында басталып, 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталады. Сонымен қатар, Түркістан қаласының рухани-мәдени аймағында «ҰӘҚ Самұрық-Қазына» АҚ тапсырысымен Қожа Ахмет Ясауи мұражай нысанының құрылысы басталды. Бұдан өзге, әуежайдың құрылысы бойынша жұмыстар атқарылуда. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, ҚР Қорғаныс министрлігі және «Казаэронавигация» АҚ мақұлдаған Түркістан қаласындағы әуежайды салу үшін 905,3 гектар жер телімі бөлініп отыр»,- деді.

Осы жиында ҚР Мәдениет және спорт  министрі А.Мұхамедиұлы Күлтөбе тарихи орнын жаңғырту бойынша хабарлама жасаса, өзге облыс пен қала басшылығы өкілдері өздеріне тапсырылған нысандардың құрылысы жөнінде айтып өтті. Ал, Алматы облысының әкімдігі «Жастар сарайы» ғимаратының құрылыс жұмыстары басталғанын салиқалы сөз етті.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары А.Мамин жиында көтерілген мәселелер назарға алынатынын айтып, Елбасы тапсырмасы бойынша Түркістан қаласын дамытуды қарқындатуды тапсырды.

«Қазақстан жолы» – ақпарат

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.