Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

Б.ТІЛЕУХАН, Мәжіліс депутаты: … қазақтың өзiне қазақ тiлi керек болмаса, оны орыс қайтедi?

Балаңа жақсы тәрбие бер, қазақша сөйлеге үйрет. Дүкенге барғанда қазақша сұра. Қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі керек, бұны ата-бабамның аманаты деп біл. Егер қазақтың өзіне қазақ тілі керек болмаса, оны орыс қайтеді? Бірлі-жарым тұлғаның айтуымен іс бітпейді. Айттық-айттық, ел тыңдамай жайына қалды. Биліктегілерге, қазақша білмейтіндерге жақпайсың. Қазақ тілі күшейіп кетсе – өзі, не баласы жұмыссыз қалады. Ұрпағының қамы үшін ол қазақ тіліне қарсы болады.

Елдің қауіпсіздігін көбірек ойлап, байлығын игеруге, рухани дамуына, экономикалық өркендеуіне білек сыбана аралассақ, бұл жақсы мемлекет болып кететініне ешқандай күмән жоқ. Бұған мүмкін­дігіміз, күшіміз жетеді, алға бастар аза­мат­тар бар. Ал келеңсіз көріністер басым боп кетсе, жемқорлық жегідей жеп, дендесе, әкім боп, министр боп, орнынан түскен соң уақытша вахталық әдіспен жұмыс істеп жүргендей ақшаны жинап, өмірінің соңына қарай Еуропаға, Швейцарияға, не бір теңіз жағалауындағы шетелге кетемін деген оймен жүрсе, Қазақстан тістегеннің ауызында, ұстағанның қолында кетеді. Кәдімгі 10 тазының ортасына түскен қоян секілді жан-жақтан жұлып әкетеді.

«А»

Ұқсас жаңалықтар

Ж.ОМАРБЕКОВА, Мәжіліс депутаты: … ал атаулы әлеуметтiк көмектi алушылар саны екi есеге азаюда

admin

ТАҒДЫРДЫҢ ТАҚЫМЫНДА ЖҮРГЕН ӘУЛЕТ

admin

Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік  құқық бұзушылықтар

admin