ҚОҒАМ ДЕРТІ АСҚЫНДЫ

Екі күнен бері әлеуметтік желіні шулатып жатқан қаралы қабар кім-кімді болса да, бей-жай қалдырмас. Ауыз шайымға келмейтін биліктің сеуіп берген тарысы, бір наны 100 тг болып тұрған заманда бес, алты баланың қарнын тоқ, көйлегін көп қылып асырау қиын екенін сіз де білесіз. Жер асты байлығы мен  астығы мол 50 елдің қатарын да тұрған елміз. Бірақ, 13 жасар баланың темір-терсек теріп бір отбасын асырап, қара көз балапандарымыз базар мен мешіт айналасын жағалап жүргенін қалай түсінеміз? Екі бөлмелі жалдамалы пәтерде  бес баланың көз жұмуы, биліктің көпбалалы аналарға 16 мың теңгені көпсінуі, көпбалалы аналарға көмектің аздығы біздің елге сын емес пе? Бір күндік ішіп-жемі болса, сол олжа. Қалған дүниеге шамасы жоқ. Біздің үкіметке, көп балалы отбасылар мен жетім-жесірдің мәселесін кезексіз қолға алатын уақыт жетті. Елдің жоғын түгендейтін басшылықтың қамқорлығын қашан көреміз?

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.