И.СМИРНОВА, Мәжіліс депутаты: Тәрбиеге баса мән беретiн уақыт келдi

Бұл жантүршігерлік оқиға­лар бүкіл қоғамды елең еткізді. Балалардың бір-бірін аяусыз соққыға жығуы, олардың қан-жоса болып жатқан қатарластарына жаны ашымай, төбелеске қаймықпай қарап тұруы – қауіпті жағдай. Тәрбиеге баса мән беретін уақыт келді. Бұдан кейін бей-жай отыруға болмайды. Шынын айту керек, баланы тәрбиелеу үрдісі әлі де тыңғылықты қолға алынып жатқан жоқ. Олардың көбісі қалай болса солай, өз беттерінше өсіп жатыр. Фильм мен ғаламтордағы түрлі ойынмен санасы уланып, виртуалдан алған «тәлімін» өмірде тәжірибе жасап жүр.

Егер қоғам­да немесе отбасында ашуыза, жауыздық орын алса, бала психологиясына да ол ықпал етеді. Сондықтан, ең алдымен, қоғамда болып жатқан оқиғаға назар аудару керек.

jasqazaq.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.