Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыны

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ ЖЫЛЫНА 70 МЛН. КІРПІШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов Ирандық «Farаdid Meehan» компаниясының халықаралық байланыс жөніндегі директоры Абдолреза Шохуд Талабпен кездесті. Сондай-ақ, кездесуге «Source Invest Company» ЖШС-ң бақылаушылар кеңесінің төрағасы Оралбек Ботбай қатысты.
Ирандық инвестормен кездесуде аудан басшысы алдағы уақытта ынтымақтастық аясында тығыз жұмыс жасайтынын жеткізді. Өз кезегінде Ирандық Абдолреза Шохуд бастапқыда ауданға  10 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салып, кірпіш зауытын ашып, ынтымақтастық орнатуға дайын екенін айтты. Екі жақты кездесу нәтижесінде,  Бәйдібек ауданының әкімдігі мен Ирандық «Farаdid Meehan» компаниясы және “СПК “ Түркістан АҚ филиалы арасындағы меморандум түзілді.
Аталған құжат аясында Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округіндегі индустриалды аймақтан 5 га жер бөлініп, кірпіш зауытының құрылысы жүретін болады.
Айта кетерлігі, ирандық инвестор ауданнан соғылатын зауытта кірпіштің 7 түрін шығармақ. Онда 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылып,  зауыттан 1 айда 4-5 млн. дана, жылына 60-70 млн. дана кірпіш өндірілетін болады. Ирандық инвестор алдағы жылы қосымша 10 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйып, 200 коттедждік жаңа қалашық салмақ.

Ұқсас жаңалықтар

2023 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНАН БАСТАП КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМА — АҚШАЛАЙ ТҮРДЕ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ

admin

Маңғыстау тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 65 000-нан астам клиенті 2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекет сыйлығын алады

admin

ТҮРКІСТАНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ӨНІМ КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

admin