С.ӘБДІЛДИН: … нашарлауының ең бірінші себебі – жемқорлық

Тәуелсіздік жылдарында рухтың төмендеп кетуінің ең бірінші себебі – әлеуметтік жағдай. Қарны аш, өзі жалаңаш, жұмысы жоқ жас ешқашан патриот бола алмайды. Халықтың тұрмысының нашар­лауының ең бірінші себебі – жемқорлық.

Біздің байлық қорымызды өзіміздің ұрықарыларымызбен қосылып, шетелдің фирмалары мен компаниялары да жеп отыр. Осы себепті байлықты ғана емес, жерді де соларға беріп отырмыз. Біздің билік шетелге барып инвестиция алғанымен ақталады. Ал ол – қарыз алу деген сөз. Қарыз алу – қайыршының ісі. Біздің сыртқы қарызымыз 170 млрд. болды. Жыл сайын шығаратын ішкі өніміміз 160 млрд. шамасында. Қарызымыздың өзі ішкі өнімнен артып кетті. Ол ең үлкен қасірет! Ертең сол қарызды өтей алмасақ немен төлейміз?

Ішім жылымайтын бір жағдай, ауылдағы жастардың санын азайтып, қалада көбейту керек дейді. Байтақ жерді ұстайтын саясат, қайта қонысты көбейту керек.

«АА»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.