Қ.АМАНЖОЛ, журналист: Яғни, әкімдіктің алдына басқа лажы қалмағасын…

Көп балалы анаға қатысты қаралау науқаны да қатар жүріп жатыр. Ашық қараламаса да, күмән тудырып, жанамалап сынап, кекесінге бұрып, сұрақ қойып дегендей. Өкінішті… Біреуі – “өртте өлген бес сәбидің әкесі бұрын үш рет сотталған екен” деді, енді біреуі – “жерлеу тыныш өтті, наразылық байқалмады” дейді, енді бірі – “көп балалы отбасылардың балаларын алып, интернатқа өткізу керек” дегенге дейін барды. Тағы бір ағайын “көп балалы отбасының әкелері қайда екен?” деп қамқорсып отыр… Яғни, әкімдіктің алдына басқа лажы қалмағасын, басқа сүйенері болмағасын келген қарындастар. Адамның барлығы бірдей сіздер сияқты ерекше ақылды, қайратты болып тумайтынын, халық болғасын қаріп-қасер де, ақша табуға қабілетсіз жандар да болатынын ойласаңыздар екен…

Alashainasy.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.