С.ШЕРІМБЕК, блогер: … біз қазір науқаншыл халыққа айналып кеттік

Өкінішке қарай, біз қазір науқаншыл халыққа айналып кеттік. Жастарымызды да соған үйретіп жатырмыз. Аталмыш жылда әр қалада сол баяғы 100-200 адам айнала қатыса беретін форумдар мен басқосулар форматынан құтылып, нақты іске көшсек деймін. «Күлтөбенің басына күнде жиын» демекші, қазір Елбасының қандай бастамасы қолға алынса да, оның бәрі тек қана осындай пайдасыз іс-шаралардың шеңберінде қалып кете беретін болды. 100 нақты қандай қадам жасадық? Рухани жаңғыруымыз ше? «Цифрлы Қазақстан» бойынша қандай жұмыстар жасалды? Бір реттік өтіп кеткен жобалардан бөлек, нақты халық игілі­гіне қолданып жатқан дүниелер өте аз. Бірақ басқосулар шаш етектен. Биылғы «Жастар жылы» сондай пафоссыз, нақты істермен жүзеге асырылса деп едік.

Айналадағы барлық нәрсе «рухани жаңғыруды» қажет ететіні айдан анық көрініп тұрған кезде, мәселелер туралы мақала жазу – ол мүлдем абсурд. Жай ғана айналаға көз салсақ жеткілікті.

«ЖО»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.