Ерболат Досаев Ұлттық банк төрағасы болды

QAZAQJOLY.KZ: Парламент сенатының депутаттары Ұлттық банк төрағасының лауазымына Ерболат Досаевтың кандидатурасын мақұлдады.

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев отставка кетті.

Бұл туралы бүгін парламент сенатының жалпы отырысында Президент Әкімшілігінің жетекшісі Әсет Исекешев мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен мен сіздерге Ұлттық банк төрағасы лауазымына кандидатура ұсынуға келдім. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлттық банк төрағасы қызметіне Ерболат Асқарбекұлы Досаевты ұсынды», — деді ол.

Сондай-ақ, ол қызметін атқару барысында Ерболат Досаев өзін білікті қаржыгер ретінде көрсеткенін атап өтті.

«ҚР Конституциясының 55-бабына сәйкес мен сенатқа Ұлттық банк төрағасы қызметіне Ерболат Асқарбекұлы Досаевты тағайындауға келісім беруді сұраймын», — деп түйіндеді Президент Әкімшілігінің жетекшісі.

Сенат депутаттары Ұлттық банк басшысы лауазымына Досаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

 

АҚПАРАТ көзі: nur.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.