Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Назарбаев көпбалалы отбасылардың баспанамен қалай қамтылатынын мәлімдеді

QAZAQJOLY.KZ: Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының съезінде көп балалы отбасыларға «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында екі пайыздық мөлшермен ипотекалық бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

«Тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын-үй құрылыс жинақ банкімен бірлесе отырып, екі пайыздық мөлшермен ипотекалық бағдарлама әзірлеуді тапсырамын», — деді Назарбаев.

Айта кетерлігі бұл мақсатта бюджеттен 50 млрд теңге бөлінетіндігі белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы әр балаға берілетін жеке әлеуметтік көмек көлемін кем дегенде 21 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды.

 

АҚПАРАТ көзі: nur.kz

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

БАҚ ЖӘНЕ ТРАНСФОРМАЦИЯ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАРАНТИНДІК ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАРҒА 224 МЛН. ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

admin

РЕФЕРЕНДУМДА ЕҢ ДҰРЫС ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНАДЫ

admin