Қан тапсырып, өмiр сыйла!

Жуырда Шымкент қаласында орналасқан Қалалық қан орталығына ИЧ-167/2 мекеме қызметкерлері барып қан тапсырды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты ауыр науқастар мен мен жарақат алып қан жоғалтқандарға  көмек беру. «Қан тапсырып, өмір сыйла!» деген атпен өткен акцияға біздің мекеме қызметкерлері де атсалысты. Қан  тапсыруды ұйымдастыруда әділет капитаны Н.Қалмурзаев пен Б. Арыстанбеков, әділет аға лейтенанты М.Құралбай белсенділік көрсетті. Осы қан тапсырған қызметкерлерге  қан орталығының дәрігерлері өз ризашылықтарын білдірді.

Қазіргі кезде еліміздегі медициналық көмек көрсету мекемелері озық,соңғы үлгідегі медициналық құрылғылардың көмегімен адам өмірін өлімнен арашалап қалуда. Ал ұзақ жасалатын оталардың барлығына әрбір қан тамшысының қымбат екені мәлім. Яғни «Қан тапсырып, өмір сыйла!» атты іс-шарасын өткізу арқылы мекемеміздің қызметкерлері еліміздегі науқасқа шалдыққан азаматтарға үлкен көмек көрсетті.

Н.Қалмурзаев,

ИЧ-167/2 мекемесінің

әділет капитаны

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.