Үйлер тегiн берiледi
Жапония үкіметі жылжымайтын мүлік бойынша жаңа бағдарлама жариялады. Бағдарламаға сәйкес көптеген жергілікті тұрғындар жаңа үйлермен қамтамасыз етіледі. Енді бүкіл мемлекеттегі үйлер аз ақшаға, тіпті кейбірі тегінге беріледі.
Бұл бағдарлама бойынша тізімдегі үйлерді шетелдік азаматтар да ала алады. Бағдарлама тізіміне 8 миллион үй енген. Үкіметтің бұл үйлерді тегін беру себебі – бүкіл Жапония аумағында бос тұрған үйлер өте көп. Көп жылдардан бері қараусыз қалып, құлаудың алдында тұрған мұндай үйлер акийя деп аталады. Үкімет оларды тегін беру арқылы қараусыз қалған үйлерге «жан бітіруді» көздеп отыр. Бір жағынан қаладан шаршаған адамдар осы үйлерді сатып алып, қала шетіне қоныс аудару мүмкіндігіне ие болады. Мұндай ескі үйлерді алғандарға оны жөндеу үшін мемлекет қомақты қаржы да береді.