ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

QAZAQJOLY.KZ:  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып МЫРЗАЛИЕВ Мейіржан Иябайұлы тағайындалды.

Мейіржан Иябайұлы 1980 жылы туған.

Білімі: Қазақ Мемлекеттік Заң Университеті (1998-2002) заңгер, Ломоносов ат. Мәскеу  Мемлекеттік Университеті (2005-2006) экономист, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы (2010-2011), Дьюк Университеті (АҚШ, Дарем 2014-2016) – халықаралық саясат магистрі.

 Еңбек өтілі:

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ: Құрылыс басқармасының бас маманы (2003-2005); Заң және әкімшілік бөлімінің бастығы (2005-2007) ;

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КЕҢСЕСІ: Индустриалдық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы (2008-2009);  Бизнес-орта және инновация секторының меңгерушісі (2009-2011); Мемлекеттік реттеу секторының меңгерушісі (2011-2013)

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ КОРПОРАЦИЯСЫ (IFC) (Вашингтон қ., АҚШ):  Ауыл шаруашылығындағы бизнесті дамыту бойынша іс-тәжірибе (2015)

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КЕҢСЕСІ: Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының кеңесшісі (2016), Премьер-Министрдің кеңесшісі (2017).

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ: 2017 жылдың қаңтар айынан бастап облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.

Үйленген, 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеуде.

 

АҚПАРАТ көзі: ontustik.gov.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.