ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНДІРУШІЛЕР ҚОРДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІ БОЛА АЛАДЫ
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және компаниялар тобы тауарларды тікелей отандық өндірушілерден сатып алатын болады.
2019 жыл ішінде Қор деңгейінде 4 стратегия әзірлеу жоспарланып отыр: «Майлар және жағармайлар», «АТ жабдықтар және байланысқа арналған жабдықтар», «АТ бағдарламалық қамтамасыз ету», «Жүк автомобильдері және арнайы техника».
Атап айтқанда, 2019 жылғы ақпанда ҚР «Атамекен» ҰКП бірлестікте Қор «Кабель-сым өнімдері» және «Арнайы аяқ киім» санаттары бойынша сатып алу стратегияларын бекітті. Бұл сатып алулардың көлемдері ағымдағы жылы кабель-сым өнімдері бойынша — 5 млрд. теңгеден аса, арнайы аяқ киім бойынша – 2 млрд. теңгеден аса сома құрайды. Қордың сатып алуларындағы болжамды үнем әсері — 439 млн. теңге.
«Қол қойылған келісімдер өнеркәсіп үшін маңызды, өйткені қазақстандық өндірушілердің кепілді өткізілім, ал Қордың еншілес ұйымдарының – баға белгілеу және сапа шарттары мөлдір сенімді жеткізушілер алуына мүмкіндік береді», — деп түсіндірді «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директоры Қуат Қожахметов.
Сатып алудағы санаттық стратегиялармен анықталған, жеткізушіні өлшемдік таңдау және бекітілген реттік талаптарға сәйкес әрбір жеткізуші Қордың стратегиялық серігі бола алатынын ескертеміз.
Атап өткен жөн, стратегияларды «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС әзірледі, олардың мақсаттарында Қордың еншілес және тәуелді ұйымдарының шығындарын оңтайландыру, сонымен қатар өндірістік мүмкіндіктерді дамыту, жаңғырту және кеңейту бойынша қазақстандық өндірушілермен өзара іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді. Санатты стратегиялардың негізгі дамыту тәсілдері бойынша қосымша анықтаманы «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС www.skc.kz парақшасында көрсетілген.