Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ТІГІН ФАБРИКАСЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы Сайрам ауданының орталығы Ақсукент елді мекенінде әскери және арнайы маман киімдері мен төсек орындарын тігетін «АХБК» тігін фабрикасы ашылды. Аталған өндіріс орнын кәсіпкер Нұрлан Сапаров өз қаражаты есебінен 1 млрд. 200 млн.теңге жұмсап іске қосып отыр. Нәтижесінде жергілікті 100-ден астам адам жұмыспен қамтылған.

Алдағы уақытта өндірісті ұлғайтып жұмыс орнын 250 адамға арттыру жоспарлануда. Қазіргі таңда фабрика  «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен және ҚР Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ жеке өндіріс орындарының тапсырыстарын орындауға кірісіп кеткен. Аталған фабриканың ашылуына аудан әкімі Бақтияр Мамаев қатысып, өндіріс орнының ашылуымен құттықтады.

                           

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: Шетелге виза аштырамыз деп, ақшаларынан айырылды

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 42500 ТЕҢГЕ ТӨЛЕМДІ 390 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ АЛДЫ

admin

«Бала және отбасы»: Шымкентте 100-ден астам астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

admin