Халыққа бет бұруы, біртабан жақындауы керек мұндайда. Халықтың сынын қабылдайтын, пікірін тыңдайтын кезге келді.
Билік «ауқымды бағдарламаларды жүзеге асырып жатырмыз» дейді. Бұлдамасын. Бұл біздің нәпақамыз әріберіден соң. Ата-бабамыздың маңдай тері, найзаның ұшымен сақтап қалған қара жердің қазба байлығы. Мұны бізге баяғыда беруі керек еді.
Биліктің өзі айтып қалды. «Бізге мемлекеттік бірлік: экономикалық, саяси және әлеуметтік бірлік керек» деді. Әлеуметтік бірлік дегеніміз, халықтың бұл елде әділеттің бар екеніне сенуінде жатыр. Әділет мәселесін бір жөнге келтірмей, биліктің қазіргі қарекетінің барлығы бос тірлік.
Abai.kz
