ҚОҒАМ ПОЛИЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҚСАРУЫН КҮТЕДІ
Осы тақырыпты ортаға салған ашық алаңда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен полиция департаментінің басшылығы, ішкі істер органдарының қоғамдық кеңес мүшелері мен ардагерлері, кәсіпкерлер палатасының басшылығы және арнайы мониторингтік топ мүшелері, белсенді қоғам өкілдері, блогерлер мен БАҚ өкілдері галстуксыз бейресми форматта бас қосты.
Іс шараны ұйымдастырудың басты мақсаты – ішкі істер органдарының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету.
Азаматтық қоғам өкілдерімен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының облыстық филиалында кездескен жиында ішкі істер органдарындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оң имиджді қалыптастыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Жиында алғы сөз алған Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев бүгінгі күні қоғам құқық қорғау органдарының, ең алдымен, полиция жұмысының түбегейлі жақсаруын күтуде. Осы орайда, Агенттікпен Ішкі істер министрлігі арасында құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы іс-шаралар жоспары әзірленуде. Осы бағытта біздің Департамент Полиция департаментімен бірлесіп сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда тығыз байланысты жұмыс жасауға дайын екендерін жеткізді.
Бейресми әрі ашықтықты қамтамасыз ету жиынында облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары А.Сейдуалиев, облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы Д.Б.Әбсаттаров, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның облыстық филиал басшысы Е.Ж.Жеңісбеков және облыстық арнайы мониторингтік топ төрағасы А.С.Еркінбеков полиция органдарының оң имиджін қалыптастыру бағытындағы өз ойларын ортаға салды.
Жиын соңында модератор Ж.Момынкулов қоғамда азаматтар санасында полицейлер жазалаушы емес, керісінше, халыққа көмек көрсетуші деген түсінік орнау үшін бірлесіп жұмыс жүргізуге шақырып, жиынды қорытты