Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныРуханият

ШЫМКЕНТ: «Көшеге қоқыс тастама!» атты тазалық сақтау шарасына шақырамыз!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен «Көшеге қоқыс тастама!» атты тазалық сақтау шарасы ұйымдастырылуда.

Негізгі мақсат — барша тұрғындарды қоғамдық көпшілік орындарда, көшелерге, арық-атыз, жағажайлар мен тұрғынүй ауласына қоқыс тастамау, қоршаған ортаны, табиғатты аялауға, тазалығын сақтауға шақыру болып саналады.

Сондай-ақ, асыл дінімізде өздері және көлік жүретiн жолдың үстiне, тынығатын көлеңкелерде, әсiресе жемiстi ағаштардың түбiнде дәрет сындыруға болмайтындығы жөнiнде ескертулер берілген. Қасиетті Құран Кәрімнің Бақара сүресінің 222-аятында: «Сөзсіз Алла тәубе еткендер мен тазалағандарды жақсы көреді», – деп, тазалықты мадақтайды. Ал ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с) сахабаларға: «Екi түрлi қарғыс арқалаудан сақ болыңдар!» дегенде, олар: «Әй, Алланың елшiсi! Екi қарғысты арқалаушы дегенiңiз кiм?» – деп сұрайды. Сонда: «Адамдар жүретiн жолға немесе тынығатын көлеңкеге дәрет сындырушы» деген. (Мүслим риуаяты).

Құрметі жамағат! Ислам – тазалық діні. Тазалық мәденитімізді сақтап, тазалықты сақтап, қолдау білдіруге шақырамыз.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯ ДИНАМИКАСЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА 4 ӨНДІРІСТІК АЙМАҚ АШЫЛУДА

admin

ОҚО əкім дәстүрлі әнші Татьяна Бурмистрованы қабылдады

admin

ІШКІ ОРАМ КӨШЕЛЕРІ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛУДЕ

admin