Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыны

ТҮРКІСТАНДА 10 САЯЛЫ ГҮЛЗАР САЛЫНАДЫ

Түркістан қаласының аумағында 10 гүлзар салу туралы Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің  тапсырмасына сәйкес халық көп шоғырланған орталық көшелер бойынан қоғамдық көгалдарды (скверлер мен аллеялар) көбейту бойынша бірнеше демалыс алаңшаларын салу жоспарланып отыр. Осы арқылы қаланың орталығында қала қонақтары мен тұрғындарына арналған демалыс орындарын көбейту және қаланы суландыру, көгалдандыру мақсаты көзделген.

Осыған сәйкес,  негізгі көшелер бойынан жалпы аумағы 172,2 гектарды құрайтын қолайлы орындар анықталды. Оның ішінде қалаға кіре берістегі  Б.Саттарханов даңғылы бойындағы 3 гектар аумақтағы ескі жасанды канал бойы абаттандырылып, автотұрақ, субұрқақ, отбасылық саялы гүлзарлар салынады.  Қазіргі таңда көпшіліктің демалыс орнына айналған «Рәміздер алаңы» осы гүлзарлармен жалғасатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандықтар ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 6 мыңнан астам дайын құжатын алған

admin

Шымкент гарнизонының әскери қызметшілері «Мектепке жол» акциясын қолдады

admin

ТҮРКІСТАН: КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНДЕ ЖҮРІП-ТҰРУҒА РҰҚСАТ БЕРЕТІН ЧАТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

admin