Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыны

ТҮРКІСТАН: 10 СӘУІРДЕ МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАСТАЛАДЫ

Күні кеше Түркістан облысының Келес ауданында шегірткеге қарсы күрес бойынша штаб өткізілді. Штабтың көшпелі отырысына ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Г. Исаева, Түркістан облысы әкімінің орынбасары М. Мырзалиев, Агроөнеркәсіп кешенінің Мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары А. Марс қатысты.

Биыл марокко шегірткесі 83,8 мың га жерге таралуы мүмкін деген болжам бар. Өңірдің ауа-райы жағдайына қарай шегірткеге қарсы жұмыс белгіленген уақытынан ерте, яғни  сәуір айында басталмақ. Аталған жұмысқа 240 маман тартылады. 46 бірлік дәрі бүркетін техникамен 6 мың литрдан астам тиімділігі жоғары дәрі себілетін болады.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы өңдеу аумағы 173 мың гектарға күрт өскен. Ал 2018 жылы өңделген жер көлемі 259 мың гектарға жетті.

Ұқсас жаңалықтар

«ТҮРКІСТАН ЖҮРЕГІМДЕ!» АТТЫ ЖАҢА ТУЫНДЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

admin

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ ІСТІҢ БӘРІ БОС!

admin

Каспий теңізі – достық аймағы

admin