Д.СӘТПАЕВ, саясаттанушы: … Қауiпсiздiк шаралары тек қана көзбояушылық

Қазақстанда халық саны аз болғандықтан, әрбір туған бала алтындай құнды. Және әрбір баланың өлімі тек оның ата-анасының ғана емес, бүкіл мемлекеттің қасіреті.

Бізде жасалынып жатқан қауіпсіздік шаралары тек қана көзбояушылық. Билік осы тұрғын үй секторындағы үйлерді өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес өрттен кейін ғана тексере бастады. Сонымен қатар, көптеген ата-аналар балаларын асырау үшін жанталасып жұмыс істеп жүр. Шенеуніктер әлемге еліміздің ең мықты 30 елдің қатарына енгендігін жар салып айтып жатқанда, мына жақта ата-аналар аман қалудың амалын іздеп тырмысуда.

Егер біздің Конституциямызға сәйкес жер және жер қойнауындағы байлықтар халық меншігі болса, онда ел азаматтары шикізатты сатудан өздерінің кірістерін алуға тиіс емес пе? 2012 жылы Нобель сыйлығының лауреаты Эдвард Прескотт шикізаттан келген табыстың бір бөлігін әрбір қазақстандықтардың жеке депозитіне аударуды ұсынған. Сонымен қатар, осы тараптан көпбалалы аналарға басымдық берілуі керек, өйткені мемлекет үшін олар Ұлттық қорды толықтыратын барлық шикізаттық компаниялардан көп жұмыс істеп отыр. Бұл отбасылар демографиялық қауіпсіздікті арттырады және адам капиталын молайтады.

«ЖО»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.