ТҮРКІСТАН: ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ АЛУ ТӘСІЛІ МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНГІЗІЛДІ

Өңірімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын дамыту және тұрғындардың сауаттылығын арттыруда жұмыстар жүргізілуде.

Соның бірі, «Түркістан – адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің бастамасымен электронды үкімет веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді үйрету үшін өңірімізде алғаш рет мектептер мен колледждерде информатика пәнінің бағдарламасына енгізілді.

Оқу ордаларында электронды үкіметтің оқу бағдарламасына енгізілуі ресми түрде 23 сәуір күні Түркістан қаласындағы №22 мектебінде өтті.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Е.Жеңісбеков және Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының м.а. А.Садыкова қатысты.

Электронды түрде қызметтерді алу тәсілдерін тез меңгерген оқушылар электронды цифрлы қолтаңбалары арқылы электронды үкімет веб-порталынан өздеріне қажетті анықтамаларды шығарып көрсетті.

Осылайша, өскелең жас ұрпақ веб-портал арқылы қызмет алуды  өздері ғана меңгеріп қоймай, туған-тауыстарына да үйретіп, электронды қызмет түрлерін үйде отырып алатын болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.