Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Ел Президенттiгiне үмiткерлер ұсынылды «Nur Otan» партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тоқтады

Партияластарының алдында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты еліміздегі жоғары лауазымға лайықты үміткер екенін айтып, оның Отан алдындағы сіңірген еңбегі мен жеткен жетістіктеріне тоқталды.

– Қасым-Жомарт Тоқаев менімен бірге тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қызметтің түрлі саласында жұмыс істеді. Ол – ұзақ жылдар Сыртқы істер министрлігіне жетекшілік етіп, Қазақстанның сыртқы саясатын бірге қалыптастыруға атсалысқандардың бірі. Оның дипломатиялық дәрежесі шетелде жоғары бағаланады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болғанын және тәжірибелі мемлекет саясаткері екенін жақсы білесіздер,-деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Елбасы республикалық қоғамдық сайлау штабының жұмысын үйлестіруді тапсырып, азаматтардың барлық санатымен жұмыс жүргізудің қажеттілігіне назар аударды.

«Қазақстан жолы» – ақпарат

 

Ұқсас жаңалықтар

ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНҒАН ЖИЫН ӨТТІ

admin

ТҮРКІСТАН: «МАХАББАТ МАҚАМ МАРХАБАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ

admin