Н.ЖҮСІП: Сонда қалай болмақ керек

Ауылда тұрып бір-екі сиыр ұстамайтын қазақ отбасылары жетіп артылады. Тым болмағанда тауық пен қаз-үйрек ұстауға болар еді, ол да жоқ. Осынша жеріміз бола тұрып, жайы­лымдық жер таппаймыз. Шабын­­дық жер табу да үлкен мәсе­ле. Мал ұстауға ниеттенгендер «атаулы әлеуметтік көмектен қағы­ла­­мыз ба?» деп онша тәуекел ете бер­мейді. Сонда қалай болмақ керек?Ауылда мамандыққа қайта даяр­лан­­­ғандардың кәсібін өркен­­дету­­ге мемлекеттік үйлестіру шара­сы жетпей тұр­ғанд­ай. Тігіншінің тіккен өнімі сол жергілікті аудан, облыс көле­­­­мінде сұра­нысты өтейтін бол­са, еңбегі еш болмас еді. Ауыл тұрғында­ры-ның өндір­ген сүтін қазір кім алады? Бұрын сүт зауыттары таза сүтті елден жинайтын. Қазір түрлі қоспа қосып, «сүт» деп сата беретін жағдайға жетті. Тоқшылық жолына түсудің орнына, түрлі себеппен жоқшылық жолына түсіп жатырмыз. Бұл қалай?!

aikyn.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.