«Tourister.ru» ресейлік сайттың экспедициясы Қазақстанға келді
ТМД-дағы ең үлкен саяхатшы қоғамдастыстарының бірі — Туристер.ру сайтының экспедициясы Астраханнан Батыс Қазақастан бағыты бойынша басталды.
Туристер.ру — ол әлеуметтік желідегі танымал көпфункционалды ресурс болып табылады, онда пайдаланушылар саяхатын жоспарлау барысындағы барлық қажетті ақпаратты табумен қатар, саяхатын енді ғана көздеп отырғандармен өз жаңалықтарымен де бөлісе алады.
22 туристерден құрылған топ бүгін шекарадан өтіп, Атырау қаласына жетті. Енді саяхатшылар 13 күннен тұратын Батыс Қазақстанның ең сұлу жерлеріне аттанады, бұл: Тұзбайыр, Айрақты, Шерқала, Торыш, Жығылған, Шақпақ ата қорымы, Кенті баба, Сұлтан үпі, Боқты, Босжыра, Ақкегершін, Ақтоғалай.
«Біздің бірінші экспедициямыз үшін шетелдік, өзі жақын, онша танымал емес, әрі жолдан тыс жерменен жүре отырып, шатырда қонатындай мүмкіндік беретін, тиісті инфрақұрлыммен жабдықталған бағытты таңдағымыз келді», – деп tourister.ru сайтында экспедицияға сипаттама берілген.
Бұл туристік ресурстың тарихындағы алғашқы экспедиция екенін атап өткен жөн. Сондықтан Kazakh Tourism үлкен қуанышпен жобаға ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау көрсетуде.
«Ресейліктер Қазақстан үшін №1 кіру туризм нарығы екені белгілі. Қазіргі ағым болса көбінесе іскерлік мақсаттағы және жыл сайын туыстары мен достарына баратын келушілерден тұрады. Біздің міндетіміз – классикалық ұғымдағы туризмге қарай назар аударту, оның ішінде, белсенді демалыс түрлерін ілгерілету. Осы тұрғыдан алғанда, экспедиция біздің мақсаттарымызға толық сәйкес келеді – біз одан кейін Батыс Қазақстанға барғысы келетін адамдар саны арта түседі және осы бағытта «Туристер» сайтында нақты туристік ұсыныстар пайда болады деп ойлаймыз», — деп атап өтті Kazakh Tourism Басқарма төрағасы Өркен Бисақаев.
Экспедицияның өту барысын инстаграмдағы @kazakhtourism_official и @tourister.ru ресми парақшаларында көре аласыз.
«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы 2017 жылы Қазақстандағы туризмді шетелде дамыту және туризм саласына инвестиция тарту мақсатында құрылған