Конго-қырым геморрагиялық қызбасы қауiпті

КҚГҚ – бұл вирустан туындайтын ауыр жұқпалы ауру. Табиғи ортада бұл вирус кенелердің, әртүрлі жабайы және үй жануарларының ағзасында болады. Адамның оны жұқтыруы жұқпалы кененің шағуы немесе жаншылған кенемен жанасу, жануарларды сою кезінде оның қанымен, т.б. да сұйықтықтармен жанасу болғаннан кейін жұғады.
Аурудың басталуы температура, бас ауруы, буын­ның, белдің ауруы. Ол дамыған жағдайда әртүр­лі жерлерден қан кете бастайды Қазіргі уақыт­та КҚГҚ-ны емдеу әдістері әзірленген.Түркістан облысы аума­ғы КҚГҚ аурушаң­дығы­­нан эндемиялық болып саналады. Бұл ауруға жануарларды күтіп бағумен, сондай-ақ эндемиялық аумақтарда мал союмен немесе қақтаумен байланысты қызметтің (шопан, малшы, сақманшы, ветеринар қызметкерлері) түрлерімен айналысатын адамдар, қанмен және ағзаның басқа да биологиялық сұйықтықтарымен қорғалмаған жанасуда болатын медициналық қызметкерлер шалдығады.
КҚГҚ табиғи ошақтарындағы адамдарға кенелердің шабуылынан жеке қорғану үшін арнайы киім кию ұсынылады: қалпақты комбинезон, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу және резеңкелі манжетті жеңі бар көйлек кию керек. Саяхатшылар және балалар табиғатқа демалысқа шыққан кезде ашық түсті, кененің жабысқаны көрінетін жақсы қорғалған киім, аяқ киім, бас киім қажет. Ветеринарлық-шаруашылық кешендік шараларға ең алдымен малдарға, мал қораларға және басқа жайларға кенеге қарсы өңдеу жүргізу кіреді. Жануарларды қырқу алдында малдарға кенеге қарсы өңдеу жүргізу қажет. Егер сізді кене шағып алған болса, онда тұрғылықты жер бойынша міндетті түрде емдеу мекемесіне медициналық көмекке жүгініңіз. Сізді 14 күнге дейін медициналық бақылауға алады. Аурудың бірінші белгілері дене қызуы көтерілуі пайда болған жағдайда өлім-жітімді болдырмау үшін емдеуді мүмкіндігінше тез бастау керек. Кене шағуға қатысты кез келген мәселелер бойынша аумақтық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен байланысуға болады.

Ж.Абилгазиева,
Қаратау ауданы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.