Безгектен сақтаныңыз!
Безгек (малярия) – ауру адамнан сау адамға безгек масаларының шағуы арқылы берілетін паразитарлық ауру. Инфекция көзі: ауру адам, тасымалдаушы Anopheles тұқымдас масалары. Масалар ауру адамды шағып кейіннен сау адамды шаққан кезде қанмен жұқтырады. Безгектің белсенді ошақтары ыстық және жылы тропикалық елдер: Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан. Түркістан облысында да безгек масалары тіркелген. Безгекпен барған науқас адам сырттан келген жағдайда аурудың тарау қаупі бар.
Безгек қалтыраудан басталады және бас жиі ауырады. Қалтырау ыстықтың көтерілуіне жалғасып, ол 40°-қа дейін көтеріледі. Адам әлсірейді, терісі қызарады, сандырақтайды. Адамда безгек кезінде әр 2-3 күн сайын қызу болады, ал ұстамада қызу күн сайын қайталанады. Себепсіз ыстығы көтерілген әрбір адам қанын безгекке тексертуі керек. Созылмалы безгек көбіне талақтың үлкеюі мен қанның азаюына себепші болады.
Науқастың қолы көгіс тартады, демалысы жиілеп, тереңдейді. Безгектен қорғанудың ең қарапайым жолы – масаны денеге жолатпау болып табылады. Масаханада ұйықтаңыз, баланың бесігін маса кірмеу үшін жұқа матамен жауып қою керек. Отбасы мүшелерінің бірінің ыстығы көтерілсе, дәрігерге хабарлап, одан қан алып, анализ жасауына мүмкіндік жасаңыз.
Б.Идияева,
Қаратау ауданы
ҚДСБ бас маманы