Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕ АҚЫЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМА БЛАНКАСЫНЫҢ БАҒАСЫ РЕТТЕЛМЕГЕН

Ағымдағы жылдың 24 — 26 сәуір аралығында «Жасырын сатып алушы» тәсілімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен Жетісай аудандық орталық, Асық ата,  Атакент, Мырзакент, Мақтарал аудандық емханаларында сондай-ақ,Төлеби аудандық, Ленгір қалалық және Сайрам аудандық орталық емханаларында қоғамдық бақылау жүргізілді.

Нәтижесімен кейбір ұйымдардың кассасында №086/е медициналық тексеруден өту парақшасы (бланка) әр түрлі бағамен сатылып жатқаны анықталды.

Атап көрсетсек, Төлеби аудандық емханасында анықтама бланкасы 1420 теңге, ал Мырзакент емханасында 2400 теңге, сондай-ақ, Жетісай және Сайрам аудандық орталық емханаларында 3000 теңге көлемінде сатылуда.

Осы бағыттағы жұмыстарда орын алған кемшіліктерді қалпына  келтіру  үшін Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасына №086е үлгісіндегі қағаз түріндегі анықтамаларды түпкілікті  жойып, бекітілген стандарттар талаптарына сәйкес, электронды бланкіге көшіру туралы арнайы ұсыныс хат жолданды.

Айта кетейік, осы енгізілген ұсынымдардың орындалуы бойынша пост-бақылау жұмыстары Департамент тарапынан жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТА 1870 ҮЙДІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

admin

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ «АШЫҚ МИКРОФОН» АЛАҢЫНДА СҰҚБАТ БЕРДІ

admin

МАҚТААРАЛДЫҚ ДИҚАНДАР МЫҢ ТОННА ҚАРБЫЗДЫ ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРДЫ

admin