ЖАСТАР КИЕЛІ ОТЫРАР ТӨБЕДЕ БАС ҚОСТЫ
Жаңа облыс орталығы қасиетті Түркістан жерінде түрлі этнос өкілдері қоныстанып, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан аймақ бірлігінің жарқын үлгісі. Ең бастысы, өңір жұртшылығы татулықты ту етіп, терең бауырластықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Осы бауырлас елдің жастары үшін 15 мамыр ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Отырар ауданының әкім аппаратының ұйымдастыруымен киелі Отырар жерінің тарихи құндылықтарымен танысу күні болды. Қасиетті мекенге табан тіреген облысымыздағы түрлі ұлт өкілдері алдымен қасиетті Арыстанбаб кесенесіне, Отырартөбе және Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейіне ат басын тіреді. Саяхатты бабтардың бабы Арыстанбаб кесеніне зиярат жасаудан бастаған жастар қасиетті өлкенің тарихижәдігерлерімен,сыр шертетін құндылықтарымен жан-жақты танысты. Экспедиция барысында Отырар ауданының тарихына қаныққан жастар алған әсерлерімен бөлісіп, ғасырлардан сыр шертетін қақпа алдында естелікке суретке түсті.