Т.ШАРМАНОВ, академик: … бәрiнiң тонайтыны – қара халық

Қазіргі жем­­­­қор­лық­тың құл­қыны өте кең. Қоғамда «түйе­ні түгімен жұтатындар» көбейіп кетті. Негізінде, бұл жаман қасиет қазаққа тән емес еді. Кеңестік кезеңде біреудің бір артық нәрсесін көрсе ол талқыға салынатын, тексерілетін, жауапқа тартылатын. Ол кезде қазақ баласы пара беруде де, пара алуда да епсіз болатын. Қазір өлім мен өмірдің арасында арпалысып жатқан адамнан пара сұрайтын халге жеттік. Бұған қатысты біреулер жалақысының аздығын, отбасын асыраудың машақатын айтып ақталады. Бірақ жалақысы қомақты, отбасын асырауға толық қабілетті, қолынан іс келетін жоғарыда отырғандардың да осы дертке ұшырағаны жасырын емес. Сайып келгенде, бәрінің тонайтыны – қара халық.

qamshy.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.