Пара алу да, беруде ауыр күнә!

Шымкент қаласы «Шымкент» медресе колледжінде «Пара алу да, беруде ауыр күнә» атты семинары ұйымдастырылды. Семинар жұмысына ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Айбек Шілманов, қалалық «Діни мәселелерді зерттеу» орталығының бөлім басшысы Икрам Айтаев және медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай мырза және медресе ұстаздары мен шәкірттері қатысты. «Құран Кәрімде: «Араларыңдағы малдарыңды (дүниені) бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ, біле тұра адамдардың малынан бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар» («Бақара сүресінің» 188-аят ) деп әмір етілген. Пара жүрген жерде жауапкершілік деген болмайды. Ислам параның қандай түріне болмасын тыйым салады. Тіпті сыйлық ретінде берілген параның өзі харам болып саналады», — деді М.Естеміров.

Демек, пара алу мен қатар пара беру де күнә болып есептеледі. Жалпы, қатысушылар кездесуден мол ақпарат алып, өздерінің көкейде жүрген сұрақтарына тұщымды жауап алды.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.