258 зәулiм үй бос тұр
Қытайлық миллиардер Чэнь Шен туған ауылына 258 зәулім үй салып, оған 31,9 миллион доллар қаржы жұмсаған. Алайда бұл үйлер күні бүгінге дейін бос тұр. Оған тұрғындардың қызғаншақтығы себеп болған.
Бұл ауылда әуелде 190 отбасы болған. Құрылыс барысында жаңа тұрғындар көшіп келгендіктен, Чэнь Шен тағы 68 үй салуды жөн көрген. Бірақ, жергілікті тұрғындар бір үйді қанағат тұтпай, бірден екі үй алғысы келген. Сонымен қатар, ауылдан кезінде көшіп кеткен тұрғындар да қайта оралып, баспана алуға құқы барын айтқан. Мұндай ашкөздік миллиардердің ашу-ызасын тудырып, өз жоспарынан бас тартқан. Қазір қараусыз қалған зәулім үйлер қайта жөндеуді қажет етеді.