Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

А.АЙТАЛЫ, профессор: Адамдар бір-бірін сыйламайды, ақшаны сыйлайды

Кейбір жоғары лауазым иелері өздерін бұқарадан жоғары санап, олардың мүддесіне жүрдім-бардым қарайтынын да көріп жүрміз. Бұл барып тұрған әсіре топастык, кешірімсіз тоғышарлық. Қытай философы Конфуций: «Елдің басында, тіпті, әділ билеуші тұрғанның өзінде бірнеше ұрпақ алмаспай, елдің санасы, мәдениеті жаңармайды» деген екен. Демек біз де жаңарып үлгере алмай жатырмыз. «Шенеуніктің істейтін жұмысына мен неге пара беремін? Неге мен оның алдына барып бас иемін?» деген психология жоқ. Егер әрқайсысымыз өзіміздің азаматтық құқығымызды пайдалануға тырыссақ, шенеунік те тартынар еді. Шенеунікті де, сотты да, прокурорды да басқа шығардық. Өзіміздің азаматтығымыздың деңгейінің төмендігі соншама, пара бермей, мәселе шеше алмаймыз деген ой қалыптасқан. Мұндай қоғамда Конституция жұмыс жасамайды, адамдар бір-бірін сыйламайды, ақшаны сыйлайды.

dalanews.kz

 

Ұқсас жаңалықтар

Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты: Министрлікте басшы ауысқан сайын реформа жасайды

admin

Е.САИРОВ, саясаттанушы: …тұрмыстың ауырлығына байланысты

admin

Қандастарға Солтүстіктен жер телімдері берілуі керек!

admin