Теңiз туралы қызықты деректер
* Жер бетінде 63 теңіз бен 4 мұхит бар.
* Ең таза теңіз – Антарктида жағалауларын шайып жатқан Уэдделла теңізі. Оның түбінде жатқан зат 80 метр тереңдіктен анық көрінеді.
* Ең терең теңіз – Филиппин, оның тереңдігі 10265 метрге дейін жетеді.
* Саргассов теңізі – ең көп аумақты алып жатқан теңіз. Оның беті 7 миллион шаршы шақырымды қамтиды.
* Аумағы жөнінен ең кішкентайы – Ақ теңіз.
* Ең жылы теңіз – Қызыл теңіз. Ең ласы да сол. Және оған бірде-бір өзен құймайды.
* Ең суық теңіз – Шығыс-Сібір теңізі.
* Теңіз суының құрамындағы барлық тұзды сүзіп алса, бүкіл құрғақ жердің бетін бірнеше метр қалыңдықтағы тұзбен жабуға болар еді.
* Теңіз толқындарының биіктігі қырық метрге дейін жете алады.
* Ең таяз теңіз – Азов теңізі, оның тереңдігі 13,5 метрден аспайды.
* Ең көп мемлекетпен шектесіп жатқан теңіз – Жерорта теңізі.
* Теңіздердің түбінде 300-400 градусқа дейін қызған суды атқылайтын гейзерлер бар. Бірақ, қысымның күштілігінен су ешқашан қайнамайды.
* Жердің өмір сүруге қолайлы кеңістігінің 99%-ын мұхиттар мен теңіздер алып жатыр.
* Ең алғашқы тіршілік теңізде пайда болған.
* Ең ұзын таулар тізбегі судың астында жатыр. 50 мың шақырымды алып жатқан Ортамұхит жоталары бүкіл планетаны орап жатыр.
* Теңіз суында 20 миллион тоннаға жуық еріген алтын бар.
* Жер бетіндегі ең ірі қалалардың 75 пайызы су жағалауында орналасқан.
* Қазіргі Жерорта теңізі жатқан аумақ бір кездері құрғақ болған, кейін Атлант мұхитының деңгейі көтерілгенде Гибралтар бұғазы арқылы бір бөлігі осында ағып келген.
* Солтүстік және Балтық теңіздерінің сулары, тығыздықтары әртүрлі болғандықтан, бір-бірімен араласпайды.
* Жердегі мұхиттың қойнауына қарағанда Марстың беті әлдеқайда көбірек зерттелген.