Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

Е.ТҰРСЫНОВ: Амалсыз пара беруiге тура келедi

Жиырма жылдың ішінде дүбәра буын өсті. Мектепте білім нашар. ЖОО-да мүлдем жоқ. Ол оқу орнын аман-есен бітіріп шыққанның өзінде мамандығың бойынша жақсы жұмысқа тұрарыңа еш кепілдік жоқ. Барлық жерде «бармақ басты, көз қысты», туысқаншылдық, жершілдік. Танысың болмаса құжатыңды құшақтап бос жүресің. Амалсыз пара беруіңе тура келеді. Сенің қарым-қабілетің, білімің ешкімге керек емес. Байыппен қарасаң, біз өз болашағымыздың көрін өз қолымызбен қазып жатырмыз. Оған түбінде өзіміз де құлаймыз. Сөйтіп мемлекетімізден айырыламыз. Қазақтар «басты байлық – денсаулық» дегенді жиі айтады. Менің ойымша бізге осы деннің саулығы жетіспейді. Мағынасы өте кең сөз ғой… Біздің  моральдық, ақыл-ой, діни, рухани, саяси, т.б. саулығымыз күмән тудырады. Ағзамыз дертке шалдыққан. Өзегіне түскен құрттар кеміріп, жеп жатыр. Сондықтан ішіміз алай-түлей, мазамыз қашқан. Ел аралап жүргенде тағы неге көзім жетті? Біз қожайын болудан қалыппыз, біз – қызметшіміз.

zhasalash.kz

Ұқсас жаңалықтар

Ә.БЕКТАЕВ, Сенат депутаты: … ауылға соңғы үш жылда тек 56 маман жiберген

admin

ПЕРУАШЕВ, Мәжіліс депутаты: Шалқып өмiр сүргiлерiңiз келсе…

admin

Н.НЫҒМАТУЛИН, МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ: …АРТЫҚ ДЕЛДАЛДАРДЫ АЛЫП ТАСТАУ ҚАЖЕТ

admin