Көлiк нөмiрi 44 мың долларға сатылды
Англияда жүргізушілер мен көлік құралдарына лицензия беретін DVLA агенттігінің бәссаудасында сирек кездесетін «370» автокөлік нөмірі бұрынғы бағасынан екі есе қымбатқа, яғни 44,5 мың долларға сатылды.
Бұл агенттік жыл сайын көлік нөмірлерін сату бойынша шамамен алты рет аукцион өткізеді, ал бағалары Ј130-дан басталады. Оған ғаламтор немесе телефонның көмегімен барлық адам қатыса алады. Әзірге бес жыл бұрын 676 мың долларға сатылған «250» нөмірі ең қымбат нөмір саналады.