Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Әйел әлемі

Әйел асханасы. «Таңғы ләззат» пісірмесі

Құрамы: 600 г картоп, 150 г пияз, 500 г тауық еті, 250-300 г қатты ірімшік, 3-4 бөлік сарымсақ, 250-350 мл қаймақ, 2 ас қасық майонез, тұз, бұрыш, дәмдеуіштер — қалауыңызға қарай.

Дайындалуы: Тауық етін жіңішкелеп, сарымсақты кесектеп тураңыз. Майонез, тауық еті, сарымсақ, тұз, бұрыш пен дәмдеуішті араластырыңыз да, 20 минутқа қойып қойыңыз. Пиязды жіңішке дөңгелек етіп кесіңіз. Ірімшікті үккіштен өткізіңіз. Қаймаққа тұз, бұрыш пен дәмдеуіш салып, араластырыңыз. Картопты жіңішке дөңгелек етіп тураңыз. Асты майланған қалыпқа бір қабат пияз, оның үстінен картопты салыңыз. Бетіне қаймақ пен дәмдеуіш тұздығын жағыңыз. Үстінен тауық етін тығыздап салып шығыңыз. Ең соңынан үккіштен өткізілген ірімшікті себіңіз. Қалыпты қызған пешке салып, 35-55 минут пісіріңіз.

Асыңыз дәмді болсын!

Ұқсас жаңалықтар

Сіз білесіз бе?

admin

ӨМІРДІҢ МӘНІ

admin

Жөтел мазаласа

admin