Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Әйел әлемі

Безеулі бетке арналған күнделікті тазартқыш лосьон

Бізге бұл лосьонды дайындау үшін  40 г лавр жапырағы мен шыны ыдыс керек болады. Мөлшерлеп алған лавр жапырағын шағын кәстрөлге салып, үстіне 250 г қайнаған су құйыңыз да, 5-7 минут баяу отта қайнатыңыз. Сосын жапырақтарын сүзіп алып, суды суытыңыз. Сосын шыны ыдысқа құйып, тоңазытқышқа салып қойыңыз. Осы сумен алдын-ала тазалап жуылған бетті күніне 4-5 реттен сүртіп тұрса, бет терісі тазарып, жасушалары жаңарады.

Ұқсас жаңалықтар

Куркума тісті ағартады

admin

Табиғи скрабтар

admin

Жыл сайын босану әйел ағзасына қалай әсер етеді?

admin