Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Әйел әлемі

Қауіпсіз косметика

Aroma Therapy

Көрген жанның көзі сүрініп жығылардай көрікті болу үшін қымбат косметикалар мен сән салондарына қыруар ақша жұмсаудың тіпті де қажеті жоқ. Кейде үйдегі тоңазытқышыңызда тұрған «арзан косметика» да өте тиімді әрі қауіпсіз әсер бере алады.

* Егер әлдебір отырысқа не той-томалаққа барғанда бояуы кетіп қалған ерніңізге қайта-қайта далап жағып отырғыңыз келмесе, үйден шығар алдында алдымен ерніңізді піскен қызылшаның бір түйірімен сүртіп, содан кейін ғана ерін далабын жаққаныңыз дұрыс.

* Ұйықтар алдында кірпігіңізге аздап вазелин жағып қойыңыз. Таңертең тұрғанда оның қалай «ұзарып» кеткенін байқайсыз.

* Күнде таңертең бетіңізді бір кесек мұзбен сүртіп жүрсеңіз, терідегі ұсақ тесіктер мен әжімдер үлкеймей, бетіңіз теп-тегіс болып тұрады.

* Мұрын ұшында көбейіп кеткен қара нүктелерден құтылғыңыз келсе, бір ас қасық ұнтақталған қара бұрышты осынша йогуртпен араластырып, осы қоспаны мұрынның үстіне жағыңыз. Аздап уқалап, біраз сіңгеннен кейін жуып тастаңыз.

* Көздің астындағы ісінген, көгерген жерлерді кетіру үшін шикі картоптың бір кесігін 10 минутқа басып қойсаңыз жеткілікті.

* Бір құлпынайды тісіңізге үйкелеп, сүртсеңіз, тісіңіз ағарып шыға келеді. Өйткені, бұл жемістегі қышқылдың ағартқыш қасиеті бар. Осыдан кейін аузыңызды тез шайып тастауды ұмытпаңыз, әйтпесе тістің эмаліне зақым келуі мүмкін.

* Лимонды ортасынан бөліп, арасындағы етіне тырнағыңызды батырып отырыңыз. Сонда тырнақтың сынғыштығынан құтыласыз.

* Терідегі артық қылдарды қырмас бұрын арнайы кондиционерді қолдансаңыз, теріңіз жібектей жұмсақ болады.

* Шашыңызды жуған соң, оған аз уақытқа сыра жағып қойып, артынан шайып тастаңыз. Сыра шашты тез құрғаудан құтқарып, жұмсартады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Балам аман болсын деп…

admin

Əйелсіз ерге күй бітпейді

admin

Жұлдыз жорамал

admin