Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Әйел әлемі

Көздің айналасындағы теріге арналған қияр маскалары

  1. Үккіштен өткізілген 2 ас қасық қиярды ұсақтап туралған 1 ас қасық ақжелкенмен араластырып жағыңыз. Біраздан соң шайып тастайсыз.
  2. Үккіштен өткізілген 1 ас қасық қиярды 1 шай қасық сұйық балмен араластырыңыз. Бұл маска терідегі бөртпелер мен қара дақтарды жақсы кетіреді.
  3. Үккіштен өткізілген 2 ас қасық қиярды жаңа сығылған лимон шырынымен араластырып жағыңыз.
  4. Үккіштен өткізілген 2 ас қасық қиярды 1 ас қасық үй сүтімен, майсыз сүзбемен, 1 ас қасық ұсақтап туралған ақжелкенмен және 1 шай қасық зәйтүн майымен араластырыңыз.
  5. Үккіштен өткізілген 2 ас қасық қиярды үккіштен өткізілген 2 ас қасық картоппен араластырыңыз.
  6. Үккіштен өткізілген 1 ас қасық қиярды 1 шай қасық ақ балшықпен араластырып жағыңыз.
  7. Үккіштен өткізілген 2 ас қасық қиярды 2 ас қасық үй қаймағымен араластырыңыз. Мұндай маска кез-келген теріге пайдалы: құрғақ теріні ол барынша ылғалдандырады, ал майлы терінің жылтырын алады.
  8. Үккіштен өткізілген 1 ас қасық қиярды ұсақтап туралған жалбыз және райхан жапырақтарымен (1 шай қасықтан) араластырыңыз. Бұл маска бет терісінің қызаруы мен қабынуын жазады әрі сергітеді.

Ұқсас жаңалықтар

Халық емімен бауырды сауықтыру

admin

Сарымсақпен тазару

admin

Іскерлігіңізді арттыратын 7 әдет

admin