Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныӘйел әлемі

«Семифредо» тоқбасары

Құрамы: 2 жұмыртқа, 250 мл кілегей, 30 г құмшекер, 70 г цукат, 100 г жеміс-жидек, 50 г фисташка дәндері, ваниль.

Дайындалуы: Жұмыртқаның сарысын ағынан бөліп алып, оған құмшекер қосып, әбден ағарғанша былғаңыз. Енді жұмыртқаның ағын көпіргенше былғаңыз. Сосын кілегейді де былғап, үшеуін де бір ыдысқа салып араластырыңыз. Оған фисташка дәндерін, цукатты, жеміс-жидекті қосыңыз. Шұңғыл ыдыстың астына сары май жағып, оның бетіне ас пленкасын жайып, қоспаны құйыңыз да, тоңазытқышқа 5 сағатқа қойып қойыңыз. Қатқан соң, оны әдемі ыдысқа аударып салып, үстінен ерітілген шоколад не тәтті крем жағыңыз. Семифредоны кесектеп турап берген жақсы.
Асыңыз дәмді болсын!

 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент қаласы ПД-нің бастығы генерал Қайрат Дәлбеков 9 жасар баланың арманын орындады.

admin

АУЫЛ ТЫНЫСЫНА СЕРПІН БЕРГЕН ЖАҢА АТАУ

admin

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА 7 АУЫЛДЫ ГАЗБЕН ҚАМТИТЫН АГТС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

admin