Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыны

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ САЙРАМ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІН ТЫҢДАДЫ

Сайрам ауданының орталығы Ақсукентте Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Көшқалиев Хаким Дүйсешұлы тұрғындар арасында жеке қабылдау өткізді.

Жеке қабылдау «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында өтті.

Қабылдауға жазылған 7 азамат көкейде жүрген түйткілді сұрақтарын қойып, Департамент басшысынан толымды жауап алды.

Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдардың басым көпшілігі жұмысқа орналасу, баласын мектепке орналастыру, мемлекеттік сатып алу, мал ұрлығы, көгалдандыруға бөлінетін қаражат, мектептердегі аттестациялау және жер мәселелеріне қатысты болды.

Хаким Дүйсешұлы қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына назар қойып, заң шеңберінде ақпараттық түсіндірмелер берді.

Әр азаматтың үніне құлақ түріп, шағымдарына байланысты заңды шешімдер қабылданатынын жеткізді.

Сондай-ақ, Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы ұсыныс-пікірлері мен әрдайым бөлісуге болатынын тілге тиек етті.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ «ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫ 6 МЫҢ АЗАМАТҚА ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

admin

Шымкенттік полицейлер қалалық арбатта тонау қылмысын жасаған азаматты ұстады

admin

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

admin