Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыны

Мемлекет Басшысы Қорғаныс министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери дайындық жағдайы, сондай-ақ, Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы мәлімет берілді. Қорғаныс министрі Қазақстан Президентіне қала аумағындағы оқ-дәрі қалдықтарын іздеу, тазарту шаралары, сондай-ақ, Арыстағы әскери қалашықты қалпына келтіру жұмыстары жөнінде кеңінен баяндады. Қорғаныс министрінің айтуынша, бүгінге дейін әскери қоймалардан үш мың тоннаға жуық оқ-дәрі қауіпсіз жерлерге шығарылыпты.

Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыс салдарын жою және оқ-дәрілерді шығару жұмыстарының уақтылы атқарылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, қаза болғандарды, құтқару және қалпына келтіру жұмыстары кезінде ерекше көзге түскен әскери қызметшілер мен тиісті қызмет өкілдерін марапаттауды тапсырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысына кезеңдерінің бір бөлігі Қазақстан аумағында өтетін алдағы әскери ойындарға дайындық барысы туралы мәлімет берілді.

«Ақорда»

«Қазақстан жолы» газеті  №28 (754) 27.07.2019 жыл.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «АРАЙ-2020» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

admin

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ӨЗІҢІЗДІҢ ЖӘНЕ ЖАҚЫНЫҢЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ — БАСТЫ МІНДЕТ

admin

15 АҚПАННАН БАСТАП «QAZCOVID-IN» ЕКПЕСІ САЛЫНАТЫН БОЛАДЫ

admin