Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыны

ТҮРКІСТАН: АКАМЕДИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚТЫ ҮНДЕУ — НАСИХАТ ТОБЫНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ

Сыбайлас жемқорлық – мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына кері әсер етіп, ел экономикасы мен әлеуетіне кедергі келтіретін қауіпті індет. Сол үшін де, бүгінгі күні қоғам дертінің алдын алу – мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі болып отыр. Соның ішінде, халықпен тең отырып тілдесу – қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыруға сеп болып, ашықтық, қолжетімділік қағидаттарының көрініс табуына жол ашуға мүмкіндік беруде.

Осыған орай, бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабтың мүшелері Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты №31бастауыш білім беру ұйымында болып, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу мақсатында ұжым қызметкерлеріне ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Пайдакүнемдікке емес, парасаттылыққа үндеген шараның негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мен оған ықпал ететін себептерге жол бермеу және билік пен бұқара арасында берік сенім атмосферасын қалыптастыру.

Әділдік қағидаты терең қазбаланған жиынға облыстық үгіт-пасихат Штабының мүшелері мен Айдос Абпазов пен Ерұлан Тұңғышбаев қатысып, ұжымды академиялық адалдыққа жақын болуға және еліміздің өркениет жолына қадам басуына кедергі келтіретін қоғам кеселінен алшақ болуға шақырды.
Өз кезегінде А.Абпазов оқушыларды білім ошағына қабылдау және мұғалім сабақтарын бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу қажеттілігін тілге тиек етіп, ұжым қызметкерлеріне
адам бойындағы адалдық қасиеттерінің жарқын болашаққа негіз болатынын жеткізді.

Шара соңында Е.Тұңғышбаев заңнамалық жаңалықтарды талқылап, ұстаздар қауымының назарына сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтары негізінде арнайы әзірленген бейнероликті ұсынды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА 115 МЫҢ ТОННА МАҚТА ЖИНАЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 107 МЫҢНАН АСТАМ АБОНЕНТ 15 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖӘРДЕМАҚЫНЫ АЛДЫ

admin

«ҮЗДІК ЕҢБЕК ӘУЛЕТІ» ДАУЫС БЕРУГЕ КЕЛДІ

admin