Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыны

ТҮРКІСТАН: IT ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысында өткен «Hakaton Yassawi SmartTech» IT жобалар байқауы өз мәресіне жетті. Жарысқа еліміздегі 15 жоғары оқу 100-ге жуық үміткер қатысқан болатын.
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Кентау институтында 2 кезең бойынша сайыстың бас жүлдесіне С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ие болды. Еліміздің барлық өңірінен келген студенттердің басын қосқан сайыста Кентау институтының директоры Үсен Рахметұлы қатысушы студенттерді сертификаттармен марапаттады.
«Құрметті қатысушылар, сіздердің еңбектеріңізді бағалаған әділқазы алқалары шешімдерін қабылдады. «Incraft» компаниясынан келген төрешілер дарынды жастардың білім дәрежелерін байқады. IT технологиялар арқылы жаңа бағдарламалардың бірегей жолдарын әзірлеп, жүзден жүйрік атанған жастарды құттықтаймын. Биік белестерді бағындыра беріңіздер», — деді ол.
Екі күнге созылған жарыс, Түркістан қаласында басталып, Кентауда түйінделді. Байқауды қорытындылау кешінде Алматы қаласындағы «Incraft» компаниясынан келген мамандар 6 ай тегін тағылымдамадан өту мүмкіндігіне лайықты деп С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет командасын таңдады. Сайысқа қатысушы өзге де командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

ЕЛДІ ДҮРЛІКТІРУГЕ ЕМЕС, БІРІКТІРУГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕЙІК!

admin

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДИДАР ХАМЗА – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

admin

Атадан балаға мұра болған үш ғасырлық қазан музейге тапсырылды

admin