Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыны

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ӘУЕЖАЙ САЛЫНАТЫН БОЛАДЫ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің 2018 жылғы 27 маусымда Түркістан облысына жасаған сапары барысында Түркістан қаласының облыс орталығы болуына байланысты шаһардың көлік инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға ерекше назар аударылды.

Осыған сәйкес, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің, Қазаэронавигация мамандары мен облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, сондай-ақ, облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасы мен Түркістан қаласы әкімдігінің және авиация саласы өкілдерінің қатысуымен басқосу өтті. Кездесуде Түркістан қаласында алдағы уақытта әуежай салуға болатын аймақтардың авиациялық қауіпсіздік пен аэронавигация талаптарына сәйкестігі нақтыланды. Бұдан бөлек, атқарылатын іс-шараларды жоспарлау үшін зерттеу жұмыстарына қатысушылардың барлық ұсыныстары талқыланды.

Айта кетерлігі, Түркістан қаласында жаңа әуежай салу мақсатында қажетті жер телімдеріне зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қаланың бұрынғы әуежайының жай-күйі қаралып, бірнеше нұсқалар талқылануда.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде көлік жүргізу заңдарына өзгеріс енгізілді

admin

Шымкенттік тұрғын жоғалған ұялы телефонын тауып берген полиция қызметкерлеріне алғыс айтты

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

admin